ЖШҚ «КЛЭР» + 375 17 510-63-11 , + 375 17 510-63-23, 375 17 505-50-24

ЖШҚ «КЛЭР»

+ 375 17 510-63-11

Амплипульстерапия

Амплипульстерапия

Амплипульстерапия - күші төмен айнымалы синусоидальды модульдік токтармен науқасқа әсер ететін электрмен емдеу әдісі. Олар жиілігі жоғары және төмен токтардың құндылықтарын өзіне жинап алған.

Амплипульстерапияда жиілігі 2000-10000 гц айнымалы синусоидальды модульдік токтар қолданылады. Жүйке-бұлшық ет пен тамырлар жүйесіне ашық қоздыру әсерін тигізетін жиілігі төмен тоқтарға қарағанда, жиілігі жоғары ток тері тарапынан қарсылық көрмейді, ұлпаға терең кіреді, ет рецепторларынан тітіркену болмайды. Науқастармен ол жақсы қабылданады, терең жатқан ұлпаға қоздыру әсерін тигізеді. Патологиялық ошақтан ауысу заттарының жақсылап қайтуына байланысты іскендік азайады- ол аурудың негізгі себебі. Аурудың азаюы қан тамырларының тарылуын азайтады, олар кеңейеді, ұлпаның қуаты жақсарады.

Ми, жүйке мен бұлшық еттердің жұмыс істеу үрдісінде пайда болатын (10-нан 150-ге дейін гц) организмдегі биотоктардың өзінің қалыпты ауытқуымен бірге істей отырып, олардың күшін синусоидальды модульдік токтармен ұлғайта отырып біз организм мен ұлпаның дұрыс функциясын қалпына келтіреміз. Қоздыру үрдісінде тартылатын адаптация көріністерін азайту, ұлпаның мөлшерін кеңейту үшін және де емдеудің тиімділігін жоғарылату үшін екі әр түрлі модульдік жиіліктерді алмастырып отырады. Бұл кезде біреуі өзгермейді- 150 гц, ал екіншісі ұзақтығы 10-150 гц шегінде реттеледі, ол 1-5 сек арасында жеке реттеліп отырады. Үзілістері бар модульдік, сонымен бірге модульдік және модульдік емес ауытқудың алмастыруы де қолданылады. Біршама ауыртпайтын әсері, жүйке жүйесінің функционалдық жағдайының, қан айналымының жақсаруы синусоидальды модульдік токтармен қолданудың негізгі көрсеткіші болып табылады. Оларды перифериялық қан айналымының, жүйке-бұлшық ет аппаратының функционалдық жағдайының, ұлпаның трофикасы бұзылуына, созылмалы ісіп қызару үрдісіне байланысты (әр түрлі себептерден пайда болатын радикулиттер, соның ішінде көрсетілген вегетативті-тамырлық аурулар, невралгия, невриттер, плекситтер, тірек-қозғалыс аппаратын зақымдау салдары, жұлынды зақымдау кезіндегі болатын ойық жаралар, гинекологиялық аурулар) ауруларда қолданады. Токтардың қозғалыс қоздыру көрсету қасиеті бұлшық етті, соның ішінде дем алуды, асқазан-ішек жолдарының функцияларын, несеп тамырлардың толқи жиырылуын электростимуляциялауға қолданады. Қозу мен жағымсыздықтың болмайтынына байланысты осы әдіс балаларды емдеуге кең қолданылады.

Амплипульстерапияның қолданылуы: жүйке жүйесінің жарақаттары, жүйке жүйесінің аурулары; I-II дәр. гипертониялық ауыруы; ЖИА, қол-аяқ тамырларының аурулары, созылмалы гастрит, созылмалы лимфостаз; асқазан аурулары (созылмалы гастрит, асқазан мен ұлтабар ауруының асқыну кезеңінде, рефлюксэзофагит, тас болмаған кездегі өт жүру жолдар мен өт қабының гипотониялық және гипокинетикалық бұзылуы ж.б.); май алмасудың бұзылуы; қант диабеті; дем алу органдарының аурулары (созылмалы пневмония, созылмалы бронхит және асқыну кезеңінен сырт бронхоэктаздар, жеңіл және орташа ауыр кезеңіндегі бронхиалды астма); ревматикалық артрит, артроздар, периартриттер; әйелдер жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары;ер адамдардың импотенциясы; созылмалы простатиттер, цисталгия, балалардың түнгі зәрі тоқтамау ауруы, несеп тасы ауруы (несеп тамырдан тастарды шығару мақсатпен); көздің қабынуы. Синусоидальды модульдік токтардың жағымсыз әсер тигізбей және күйік бермей ұлпаға терең жету қабілетін ескере отырып, (диадинамотерапияға қарағанда) амплипульстерапияны бұлжыр қабыққа әсер ету үшін педиатриялық практикада ерекше қолданады.

Басты » Рәсімдері » Амплипульстерапия

Copyright © KLER Ltd. - All rights reserved.