ООО «КЛЭР» + 375 17 510-63-11 , + 375 17 510-63-23

Контакты

Диадинамотерапия

Диадинамотерапия – жиілігі 50 және 100 Гц жартылай синусоидальды пішінді импульстерімен тұрақты токпен емдеу. Диадинамикалық токтың көбінесе екі түрі пайдаланылады: үздіксіз бір фазалы және үздіксіз екі фазалы, сонымен қатар осы токтардың әр түрлі модуляциялары мен қиыстырулары – үзілмелі ырғақты ток, қысқа немесе ұзын кезеңдермен модуляцияланған және т.б. Осы токтар, тұрақты бола тұра, эпидермистің үлкен қарсылығына кезігеді, және ең алдымен экстерорецепторлардың қозуын шақырады, ол электродтардың астында күйдіру және шаншуды сезінумен, сонымен қатар, үстіңгі қан тамырларының кеңеюі және олармен қан айналымының үдеуінің салдарынан гиперемияның пайда болуымен байқалады. Ток күшін арттырған кезде жүйке тамырлары мен бұлшық ет талшықтарының ырғақты қозуы шақырылады. Ол перифериялық қан айланымының, зат алмасуының активациялануына, әсер ету облысында ауыртудың азаюына, әкеледі, ол ең басты, перифериялық жүйке жүйесінің, тіреу және қозғалу органдарының ауруларында пайдаланылады. Ток күшін көбірек арттырғанда бұлшық еттердің тетаникалық қысқаруы шақырылады.

Ағзада диадинамикалық токтардың әрекетінің негізгі ерекшеліктері сезімтал жүйке жалғауларын блокадалау және осыған байланысты ауырулық сезімталдық шегін толық ауыртқызбаушылыққа жақын келетін арттыруда, сонымен қатар, трофикалық үрдістерді, ұлпалық алмасуды және периневралды ісінулердің сорылуын стимуляциялауда. Диадинамикалық токтар қабықтық нейродинамиканы ауырту талдағыштың перифериялық бөліміне рефлекторлық әсер етіп тұрақтандырады, бұл ретте патологиялық импульсация шекті шеңберінің рефлекторлық доғасының үзілуінің маңызды орны бар. Вегитативтік құралғандардың қозуы салдарынан перифериялық қан тамырлары кеңейеді, ұлпалардың трофикасы мен қанмен қамту жақсарады, мембраналардың иондық шоғылануы мен өткізгіштігі өзгереді. Осының барлығы ісінулердің қайтуына және бұзылған функциялардың қалыптандыруға мүмкіндік туғызады.

Диадинамотерапияны қолдануға көрсетілімдер аса көп санды. Оларға жатқызылатындар: жүйке жүйесінің перифериялық бөлімінің зақымдануы кезіндегі қатты ауыру синдромдары (омыртқаның остеохондрозының, невралгиялар, моно- және полинейропатия, ганглиониттер, плекситтердің неврологиялық байқалулары); тіреу-қозғалыс аппаратының аурулары мен зақымданулары (миозиттер, периартриттер, эпикондилиттер, артроздар, жарақаттар және операциялық араласулардан кейін буындардағы баяу қозғалымдылық және басқалар); ас қорыту (гастриттер, асқазан мен аш ішектің жарасы, колиттер, өт жолдарының дискинезиясы, панкреатит, демпинг-синдромы) және тыныс алу органдарының аурулары (созылған пневмония, демікпе); жатыр өсінділерінің созылмалы ісіп қызарған аурулары; альгодисменорея; несептің тоқтауы және тоқтамауы; бастың сақина ауруы мен аяқ-қолдардың қан тамырларының облитерлейтін ауруларының бастапқы сатысы; бас ауруы; Квинке ісінуі; ЛОР-органдарының аурулары (ларингиттер, құлақтың қабынулары, синуситтер, риниттер, дауыс желбезектерінің парезі); самай-төменгі жақ буынының артриті, пародонтоз; қышитын дерматоздар, келлоидты тыртықтар және басқалар.

© 1994 - 2024
Site development - dizart.by