ООО «КЛЭР» + 375 17 510-63-11 , + 375 17 510-63-23

Контакты

Дәрілік электофорез

Дәрілік электофорез – бұл тұрақты, жиірек қолданылатын гальваникалық токтың және бірнеше емдік дәрі-дәрмектен тұратын токпен бірге организмге баратын дәрілік заттың немесе коктейльдің әсері.

Иондардың ауысу жылдамдығының төмендігіне, эпидермистің көп қарсыласуына, шара уақыты мен ток күшінің шектелуіне байланысты шара барысында дәрілік заттың иондары, оның ішінде ерекше бір депо құра отырып, тек қана эпидермиске кіреді. Одан дәрілік зат қан-лимфотоғымен ақырын шайылып, организм бойынша таратылады, осыған байланысты электрофорез кезінде дәрілік зат тез нәтиже беретіне сенбеу керек. Сонымен бірге тері депосына кіретін заттың мөлшері шара кезінде қолданғанның 2-3% құрайды.

Дәрінің әрекетіне ұлпаның сезімталдығын жоғарылататын осы әдістің емдік әрекетінің механизмінде токтың мәні зор.

Дәрілік электрофорездің емдік әсерінің ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1) дененің үстінгі жағында орналасқан жеріне әсерін тигізу мүмкіндігі, мысалы буында;
2) шаралар әрекетінің ұзақтығы- дәрілік заттың депосы бірнеше күннің ішнде сақталады;
3) ас қорыту мүшелеріне дәрілік заттың әсерін тигізуді жою;
4) организмге дәрілік заттың кіруі тек қана ион түрінде, яғни белсенді қолданылатын түрде.

Дәрілік электрофорездің негізгі сандық заңдылықтары мынада:
- енгізілетін иондардың мөлшері мен зарядтарының көбеюі, сонымен қатар ерітінділердің тазалық дәрежесінің неғурлым төмендесе соғурлым дәрілік заттардың организмге кіруі азайады;
- организмге анион түрінде енгізгенге қарағанда катион түрінде енгізілген дәрілер көп мөлшерде кіреді;
- организмге енгізілген ерітіндідегі заттың мөлшерінің әсері шамалы және кіші және орташа концентрациялар саласында анық (2-5 %). Электрофорез кезінде препараттың концентрациясын 5% артық жоғарылатуы молекулярлік ассоциациялардың қирауы мен құрылуының үлкен деңгейінің есебінен оның ұлпадағы мөлшерін азайтады.

Соңғы кездерде гальваникалық токтың орнына жиі импульстік токтарды пайдаланады - түзетулі синусоидальды модульдік немесе диадинамикалық. Организмге баратын заттың жалпы саны аз болса да белгілі импульстік түрлерін таңдау есесінен әдістің ерекше әсерін жоғарылатуға болады. Осылайша, ұлпаға неғұрлым терең кіру және қанға тез бару үшін электофорезді синусоидальды модульді токтармен (СМТ) түзетулі режімде жүргізген жөн.

Осы әдісте ең үлкен тығыздығы және жасалынатын реакциялар элетродтың астындағы ұлпада пайда болатын тоқтың маңызы зор екендігін ескере отырып, дәрілік электрофорезді, сондай- ақ гальванизацияны қолданудың негізгі көрсеткіштері жергілікті және аймақтық патологиялық үрдістер болып табылады. Осы есептен де дәрілік заттар таңдалады. Осы рефлекстік жүзеге асырылатын әдістердің жалпы әсеріне дәрілік заттардың микромөлшерлері де жарайтын функционалдық вегетативті- тамырлы бұзылулар мен жағдайлар кезінде сенуге болады.

Дәрілік электрофорез кеңінен қолданылады. Олар тұрақты тоқты қолдануға көрсеткіштерін міндетті түрде есептей отырып, енгізілетін препараттың фармакотерапиялық қасиеттерімен белгіленеді. Дәрілік электрофорез орталық және перифериялық жүйке жүйесінің , тірек-қимыл аппаратының, гинекологиялық ауруларында қолданылады.

© 1994 - 2024
Site development - dizart.by